Ақмола облысында егіс науқанына дайындық басталды

Ақмола облысында егіс науқанына дайындық басталды

Ақмолалық аграршылар егіс науқанына дайындықты бастады. Көктемгі егіс алқаптарының алдын ала құрылымы бойынша өңірде 4,9 млн.га алаңда жаздық егіс жүргізу жоспарлануда.

Алқаптардың негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары дәстүрлі түрде жаздық бидай болады.

Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыру мол өнім алудың басты факторларының бірі болып табылады.

"Облыста арзандатылған бағамен 70 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Жалпы, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы 98% құрайды. 133 техника сатып алынды", - деді ведомствода.

Тұқым дайындау және тыңайтқыштармен жұмыс істеу мәселесіне ерекше назар аударылады. Бүгінде облыста аккредиттелген зертханаларда 450 мың тоннадан астам тұқымға толық талдау жүргізілуде. Минералды тыңайтқыштарды жеткізуге шарттар жасалды.

Жарқайың ауданының "Темірлан" ЖШС директоры Ерлан Алин болашақ егіс алқабы туралы өз жоспарларымен бөлісті.

"Биыл бізде егін егу міндеті қойылды аумағы 45 мың гектар. Оның ішінде 41 мың гектардан астамы бидай үшін, 3 мың гектары арпа егуге беріледі ал 200 гектарға сұлы мен қарақұмық егіледі. Егіс жұмыстарын мамыр айының ортасында бастауды жоспарлап отырмыз", - деді кәсіпкер.

Фермерлерге "Кең Дала" бағдарламасы бойынша жылдық 5% - бен арзандатылған несие түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Диқандар аграршыларды қолдауға бөлінген 17 млрд.теңге сомасына сене алады.

Ағымдағы жылы облыс аграршылары өз алдына 4,9 млн.гектар егу міндетін қойды, оның ішінде 4,5 млн. гектар - дәнді - бұршақты дақылдар, 216 мың гектар - майлы дақылдар, 200 мың гектар - жаздық дақылдар, 15,6 мың гектар - картоп және 3,4 мың гектардан астам-көкөністер.