Ақмола облысында "Мақатаев оқулары" байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды»

Ақмола облысында "Мақатаев оқулары" байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды»

Ақмола облысында "Мақатаев оқулары" республикалық байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Байқау онлайн режимінде 7-11 сынып оқушылары арасында "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы базасында өтті.

Биылғы оқу қазақ халқының көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орайластырылды. Ақын бай әдеби мұра қалдырды. Ол мыңнан астам өлеңдер, поэмалар жазды, сондай-ақ әлемдік классиктердің еңбектерін қазақ тіліне аударды.

"Байқаудың негізгі мақсаты-ақын шығармашылығын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау. Іс-шараға облыстың 15 ауданынан, Степногорск қаласынан және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп - интернаттарынан 53 оқушы қатысты",-деп атап өтті Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық Мақатаев оқулары үш номинация бойынша өткізілді.

"Ақынның арманы бар ма?"оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыды.

Екінші "Көкірегімде жыр сәулесі маздайды" номинациясында қатысушылар өз шығармашылықтарының жинағын ұсынды және өз шығармаларын жатқа оқыды.

Үшінші "Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара сырласым" номинациясында үміткерлер ақынның өлеңдері бойынша тақырыптың мазмұны мен идеясына талдау жасады.

Байқау қорытындысы бойынша үш оқушы бірінші орынға, алты оқушы екінші орынға, тоғыз үшінші орынға ие болды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталады.