Кез келген халықтың өткені мен бүгінінің сабақтастығы топоним-атауларында көрініс табады. Жер атаулары қазақ халқының сан ғасырлық тарихының құпияларын ашады. Әр облыста тарих пен мәдени дәстүрлерге арналған орындар бар. Ақмола облысы да осыдан тыс қалған жоқ, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Биылғы жылы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы облыстағы елді мекендердің тарихи атауларын анықтау мақсатында «Ақмола облысының топонимдері» жобасына бастамашы болды.
Жоба аясында ұйымдастырылған экспедицияның арқасында 80 елді мекеннің тарихи атаулары анықталды.
Топонимиканың осы және басқа да мәселелері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің археология және этнология факультетінің профессоры Жамбыл Артықбаев жүргізген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың ғылыми талқылауының тақырыбы болды. Жамбыл Артықбаевтың ғылыми жетекшілінің арқасында жоба жүзеге асырылды.
Ғалым іс-шараға қатысушыларды зерттеу жұмыстарының нәтижесінде дайындалған «Ақмола өңірі топонимдері: тарихи қабаттары, табиғат әсері, тылсым сырлары», «Ақмола облысы жер-су атауларының құпиялары» кітаптарын, Ақмола облысы елді мекендерінің анықтамалығы мен Атласын таныстырды.
Жамбыл Артықбаев өңірдің жекелеген ауылдарының атауларының мысалдары негізінде ономастиканың теориялық ұғымдарын одан әрі зерттеуге ықпал ететін географиялық атаулардың тізілімін нақтылауды ұсынды.
Ғалымдардың облыс топонимдерінің шығу тарихы мен этимологиясын түсіндіруі конференцияға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Конференция жұмысына қатысқан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Қуат Сапаров, Саха Республикасы Тарихи-гуманитарлық зерттеулер институтының оқытушысы Наталия Данилова ғылыми ортада және қалың жұртшылықтың кең қызығушылығын тудыратын Топонимика саласындағы зерттеулердің маңыздылығын атап өтті.
ҚР Ұлттық музейінің қызметкері Ирина Бекзатқызы тарихи атауларды табу мақсатында Ресейдің және жергілікті архивтерде жұмыс істегені, далалық зерттеулер жүргізгені туралы қызықты мағлұматтар берді.
Іс-шара соңында қатысушылар жобаның маңыздылығын және зерттеулерді жалғастыру қажеттілігін атап өтті.