23–25 қыркүйек аралығында Ақмола облысында «Қауіпсіздік коды: 102–111–150» профилактикалық акциясы өткізіледі

23–25 қыркүйек аралығында Ақмола  облысында   «Қауіпсіздік коды: 102–111–150» профилактикалық акциясы өткізіледі

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғану шаралары және қолжетімді көмек түрлері туралы ақпараттандырылуын арттыру.

Құрметті өңір тұрғындары!
Егер сіз зорлық-зомбылыққа, қоқан-лоқыға тап болсаңыз немесе көмекке мұқтаж болсаңыз – мәселені жалғыз шешуге тырыспаңыз, көмек сұраңыз!
102 – полиция
111 – отбасы, әйелдер мен балаларға арналған ұлттық сенім телефоны
150 – балалар мен жастарға арналған сенім телефоны

Ақмола облысының Полиция департаменті