Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 20 мамыр күні сағат 10.00-де «Қоғамдық келісім» үйінде мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл және заманауи қоғам» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, мемлекеттік қызметшілердің арасынан қазақ әдебиетін сүйетін, талапты да талантты тұлғаларды анықтау және оларды ынталандыру.
Байқау үш кезең бойынша өтті:
1) Таныстыру (қатысушы өзі, отбасы, қызметі, қызығушылығы туралы бейнебаян дайындайды).
2) Қазақтың ұлы ақындарының (қазақ тілін насихаттауға арналған) 1 өлеңін жатқа оқу.
3) «Өнерім – өмірім». Бойға дарыған өнерді көрсете білу (өз шығармашылығы, аспапта ойнау, ән-би, т.б.).
Байқауға 11 мемлекеттік қызметші өтінім беріп, аталмыш байқауда бақтарын сынады.
Қазылар алқасы І орынды Ілиясова Райхан Сәбитқызына (Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы), ІІ орынды Нұрғалиева Самал Сайранқызына (Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы), Боранбаева Диана Қорғанбекқызына (Бурабай ауданы Щучинск қаласы әкімі аппаратының жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы), ІІI орынды Молдабай Әсел Айжанқызына (Жарқайың ауданы полиция бөлімінің ақпараттық саясат тобының инспекторы, полиция лейтенанты), Меңдыбай Темірлан Ерланұлына (Көкшетау қаласы әкімдігі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімі бас маманының міндетін атқарушы), Қами Шынар Жақсыкелдіқызына (Қорғалжын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы) беру туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ қазылар алқасының ұйғарымымен байқауға қатысқан басқа да мемлекеттік қызметшілер ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Облыстық конкурстың барлық қатысушылары дипломдармен, алғыс хаттармен және тауарлық сертификаттармен марапатталды.