Көкшетауда қаланы абаттандыру бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылды

Көкшетауда қаланы абаттандыру бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылды

Ақмола облысында облыс орталығы – Көкшетау қаласын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Жылдан жылға оның сыртқы келбеті өзгеріп қана қоймай, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы да артып келеді.

Бүгін ОКҚ брифингінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыс орталығының оң жетістіктерін атап өтіп, жолдардың сапасы, жылумен жабдықтау, білім беру және денсаулық сақтау жүйелері мәселелері жедел шешімін табатынын, аулаішілік аумақтарды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, тұрғын үйлердің белсенді құрылысы жүріп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

"Жалпы, 2020 жылдың 10 айында қала экономикасына шамамен 60 млрд.теңге инвестицияланды. Бұл 2 жыл бұрынғы инвестиция көлемінен екі есе көп. Мұндай жұмыстардың ауқымы алдағы форумды өткізумен де байланысты. Форумның негізгі іс - шаралары өтетін негізгі нысандардың бірі қаламыздың көрікті жерлерінің біріне айналған "Болашақ сарайы" жаңадан салынған балалар мен жасөспірімдер сарайы болып табылады", - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Көкшетау үшін мүлдем жаңа және ірі ауқымды жоба-Қопа көлінің бойындағы жағалау аймағын жайластыру.

Аймақ басшысының айтуынша, мемлекеттік қолдаудың арқасында жағалаудың барлық аумағының келбеті мен инфрақұрылымы түбегейлі өзгеруде. Мұнда заманауи спорт алаңдары, балалар ойын алаңдары, жаяу жүргіншілер мен веложолдар, 500 орындық амфитеатр, жасыл аллеялар, қайықтар мен катамарандарға арналған пирстер пайда болды.

Қазіргі жоспар бойынша жағалаудың құрылысы Кенесары көшесіне дейін жүргізілуде, ал бұл көп қабатты үйлер құрылысының шеткері аймақтарының бірі. Тиісінше, жағалау аймағын абаттандыру жобасы жалғасады.

Сондай-ақ, жаңа жол магистралінің құрылысы бойынша үлкен жобаның жол учаскесінің бірінші кезегі салынды. Қоғамдық көлікті жаңғырту бойынша да үлкен жұмыс атқарылды. Жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылуда.

"Көкшетау автобус паркі 16 заманауи жолаушылар автобусымен толықты, өткен жылы 44 бірлік сатып алынды. Бірақ бұл бәрі де емес - желтоқсанға дейін шамамен 30 автобус күтеміз. Біз жасап жатқан барлық нәрсе азаматтардың өмірін жақсартуға, өмір сүруге жайлы жағдай жасауға бағытталған", - деп түйіндеді Ермек Маржықпаев.