Ақмола облысында этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті

Ақмола облысында этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті

    Қоғамдағы жалпыұлттық бірлік пен азаматтық жауапкершілікті нығайту, диалог жүргізу дағдыларын жетілдіру мақсатында 2026 жылғы 10 қыркүйекте Көкшетау қаласының Достық үйінде этносаралық қатынастарды дамыту мәселелеріне арналған семинар-тренинг өтті.

Аталған іс-шара Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

Семинарға аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің басшылары, жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары қатысты. 

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау – мемлекетіміздің ішкі саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін айта келе, семинардың жұмысына сәттілік тіледі.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры, Республикалық этномедиация кеңесінің мүшесі Әсет Абжаковтың «Жанжалға бейім тұлғалармен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.

Семинар-тренинг барысында ашық диалог, тәжірибе алмасу, кейстік талқылаулар өткізілді.

Шараның соңында іс-шараға қатысушыларға жаңа кәсіби дағдыларды игергенін растайтын сертификаттар табыс етілді.