Халықаралық жастар күні Көкшетау қаласында атап өтілді

Халықаралық жастар күні Көкшетау қаласында атап өтілді

 «Халықаралық Жастар күнін мерекелеу аясында, түрлі форматта іс-шаралар жүзеге асырылды» - деп хабарлайды облыстық Жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

    Іс-шараның мақсаты – жастар күнін ерекшелеп атап өту, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, жастарды мәдени құндылықтарға тарту, жастардың азаматтық және патриоттық өзін-өзі тануын ынталандыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

   Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айтбаев Досұлан Ерланұлы қатысты. Өңір басшысының орынбасары Досұлан Айтбаев, әр бағытта өтіп жатқан шараларға қатысып, атаулы күнді жастармен бірге атап өтті.

  Сондай-ақ, кешкілік бағдарлама аясында Досұлан Ерланұлы жастарды аталмыш мерекемен құттықтай отырып, белсенділік танытқан бірқатар өңірлік жастар қатарын Ақмола облысы әкімінің атынан алғыс хаттармен марапаттады.

Биылғы жастар күні жоғары деңгейде өтті. Атап айтсақ,  атаулы күн қала жастарының қатысуымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясынан бастау алса, одан әрі облыстық жағажайлық волейболдан чемпионат ұйымдастырылып өткізлді. Сондай-ақ, асық атудан турнир, «Aqmola Hub» презентациялық көрмесі, Робототехника бойынша жасөспірімдер арасында практикалық жұмыстар өткізілді.  

Сонымен қатар, «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты кітап көрмесі өткізілді. Шара барысында қала жастарына арнап викториналық ойындар ұйымдастырылып, қазақ әдебиетінің көрнекті туындылыры мен ақын-жазушылары жөнінде сұрақтар қойылды. Одан бөлек көше биі Breakdanсе-тан чемпионат және Холи түстер фестивалі ұйымдастырылды.

Бірнеше форматта өткен шаралар жаңа Жағалаудың бойында жастардың басын біріктірді.

«Бүгінгі Халыаралық жастар күнін мерекелеу барысында, әрбір аудан мен қалаларында аталынып өтілуде.

Жастық шақ – арманға ұмтылып, білім алып, жаңа бастамаларға жол ашатын ерекше кезең. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен білігі, талабы мен талпынысы – еліміздің ертеңін айқындайтын күш.

Ақмола облысының жастары білім, ғылым, спорт, мәдениет және қоғамдық өмір салаларында белсенділік танытып, өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Әрбір жетістік және әрбір жаңа бастама – облысымыздың жарқын болашағына жасалған маңызды қадам» - дейді облыстық ЖРО басшысы Асия Закенай.

Шара шеңберінде «Гормолзавод» ЖШС демеушілік жасап, тек қатысушыларға ғана емес, жалпы қала тұрғындарына тегін балмұздақтар таратты.

Ал басты кешкілік концерттік бағдарлама Жаңа жағалауда орналасқан сахна төрінде өтті. Концерттік бағдарлама аясында түрлі ойындар мен конкурстар өткізілді. Ал жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар табысталды.