2026 жылғы 30 шілдеде Көкшетау қаласында өңірдегі ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес мүшелерінің, қоғамдық өкілдер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен үкіметтік емес сектор өкілдеріне арналған Ашық есік күні өтті.

Кездесудің негізгі мәселесі азаматтық белсенділікті дамытуға, мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған «Адал азамат – белсенді қоғам» тұжырымдамасын іске асыру аясында Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін талқылау болды.

Іс-шара барысында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, азаматтық сектормен өзара іс-қимыл тетіктерімен және жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысу мүмкіндіктерімен танысты.

Сонымен қатар қатысушылар одан әрі ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, үкіметтік емес секторды дамыту және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарымен алмасты.

Ашық есік күнін өткізу мемлекеттік органдар мен өңірдің үкіметтік емес ұйымдары арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға, пікір алмасуға және ашық диалог орнатуға мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналды.