Ақмола облысында жергілікті азық-түлік өндірісінің өсуі байқалды

Ақмола облысында жергілікті азық-түлік өндірісінің өсуі байқалды

Бірінші қажеттілік өнімдеріне баға белгілеу мәселелері жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауында. Арнайы құрылған жедел штабтар күн сайын мониторинг жүргізіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша Жол картасын іске асыруда.

Облыста жергілікті азық-түлік өнімдерін өндіруге ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, 2020 жылдың 10 айында олар 92 млрд.теңге сомасына өндірілді, бұл өткен жылғы кезеңнен 8,8% - ға артық.

Ет, сүт өнімдері, күнбағыс майы, жартылай фабрикаттар, ұн және басқа да тауарлар өндірісі артты.

Ауылшаруашылық жәрмеңкелері тұрғындарға жақсы көмек болып табылады. Биыл 210 жәрмеңке өткізіліп, орташа бағадан 20% - ға дейінгі бағамен 590 млн.теңгеге өнім сатылды.

"Нан бағасын тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қорының ресурстары пайдаланылады. Жыл басынан облыстың нан пісіру кәсіпорындарымен 110 теңге/кг баға бойынша 1 сұрыпты 449 тонна ұн сатылды, нәтижесінде нан бағасы тұрақты болып қалуда.

Қазіргі уақытта өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру жалғасуда. Барлығы 2343 тонна түрлі тауарлар сатып алынды, оларды сату жүргізілуде", - деп атап өтті "Есіл "әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы"АҚ-да.

Бұдан басқа, биыл "айналым схемасын" белсенді іске асыру басталды, онда бизнес субъектісіне ӘКК-ге бағаның белгілі бір деңгейін белгілеу бойынша қарсы міндеттемемен жеңілдікті қарыз беріледі.

Бүгінгі таңда кәсіпорындарға сүт өнімдерін, тауық еті мен картопты белгіленген төмендетілген бағамен сату үшін 692 млн.теңге сомасында 3 қарыз берілді.