Аршалы кентіндегі орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда

Аршалы кентіндегі орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда

Аршалы кентіндегі орталық стадионды жаңғырту – аудан тұрғындары көптен күткен жобалардың бірі. 1988 жылы пайдалануға берілген спорт нысанына содан бері алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінде ауқымды реконструкцияның арқасында стадион заманауи келбетке ие болып, жақын уақытта ауданның басты спорт және белсенді демалыс орталықтарының біріне айналады.

Жоба аясында баскетбол және волейбол алаңдары салынып, жабық хоккей корты бой көтереді. Сонымен қатар футбол алаңы, жүгіру жолы және street workout жаттығуларына арналған арнайы аймақ жаңартылады. Бұдан бөлек, стадионның қоршауы толық ауыстырылып, күрес залының ғимараты қалпына келтіріледі.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін орталық стадион барлық талаптарға сай келетін, қауіпсіз әрі қолайлы спорт нысанына айналады. Мұнда аудан тұрғындары дене шынықтырумен тұрақты айналысып, түрлі спорттық жарыстар өткізіп, бос уақыттарын тиімді пайдалана алады.

Бұл жоба бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастарды спортпен жүйелі түрде шұғылдануға ынталандыруға зор мүмкіндік береді.