Ағымдағы жылдың 19 маусымда Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Әке, мен сенің өміріңнің жалғасымын» тақырыбында 100 әкенің басын қосқан әкелер форумы өтті.

Ағымдағы жылдың 19 маусымда Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Әке, мен сенің өміріңнің жалғасымын» тақырыбында 100 әкенің басын қосқан әкелер форумы өтті.

Іс-шараның мақсаты – отбасы мен қоғамдағы әкенің рөлін нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жауапты әкелік мәдениетін қалыптастыру, балаларды тәрбиелеудегі әкенің қатысуының маңызын арттыру, сондай-ақ әкенің берік отбасының негізі ретіндегі оң бейнесін насихаттау.
Форум барысында республикадан спикерлер келіп, жауапты әкелік мәдениетін дамытудағы практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, әкенің бала тұлғасын қалыптастырудағы рөлі туралы әңгімелейді, отбасы алдында тұрған заманауи сын-қатерлерді талқылайды және жауапты әрі белсенді әкеліктің табысты үлгілерін ұсынады.
Қатысушылар ашық диалогқа қатысып, отбасы қатынастарын нығайту, баланың өміріндегі әкенің рөлі туралы өзекті мәселелерді талқылай алады, тәжірибе алмасып, спикерлерге сұрақтарын қойып, қоғамда отбасылық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі ұсыныстарын білдіре алды.
Бүгінгі таңда, Ақмола облысында барлық аудандар мен қалаларда әкелер одағының 20 филиалы тіркеліп, 500-ден астам адамның қатысуымен жұмыс істеп келеді, барлық мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және ірі өндірістік кәсіпорындарда әкелер кеңестері мен әкелер клубтары жұмыс істейді.