5 маусым – Экологтар күніне орай Бәйтерек саябағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.

5 маусым – Экологтар күніне орай Бәйтерек саябағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға шақыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Акцияға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, Ақмола облысы каратэ федарциясы, өңір бойынша экология департаментінің өкілдері, UNICEF өкілдері, Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің, ҚазГТК студенттері, «Мейірім» еріктілері және белсенді жастар қатысып, қоршаған ортаны тазарту жұмыстарына өз үлестерін қосты. Акцияға шамамен 100 ден аса қатысушы белсенді атсалысты.
Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!