Ақмола облысында әлеуметтік қызметтер порталы сәтті енгізілді

Ақмола облысында әлеуметтік қызметтер порталы сәтті енгізілді

Ақмола облысында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы "пилоттық режимде" қызмет алу жалғасуда. Бүгінгі күні 01 қазаннан бастап 11 мүгедек адам ымдау тілі қызметін және 9 жеке көмекшіні әлеуметтік қызметтер порталы арқылы алады. Сондай-ақ, шипажай-курорттық емдеу қызметін алуға 9 ақмолалық өтінім берді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап 3 қызмет пилоттық режимде порталға енгізілді. 01 қазаннан бастап облыс бойынша жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының және санаторий-курорттық емдеудің қызметтері бойынша 15 өтінім орындалды. Қазіргі уақытта Портал арқылы 130 техникалық оңалту құралдары берілді.

"Мен ымдау тілі қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба шеңберінде әлеуметтік қызметтер порталында тіркелдім. Әлеуметтік қызметтер порталында жұмыс істеу ыңғайлы, бәрі түсінікті. Қызметті жылжытудың барлық процесін маман да, мүгедек те қадағалайды", - деді ымдау тілі қызметін жүзеге асыратын маман Ирина Васильевна Гущина.

Мүгедектігі бар адамдардың өздері әлеуметтік қызметтер порталын пайдаланудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығын атап өтеді.

"Портал іске қосылған кезде тауарды алу әлдеқайда оңай және жылдам болды, сонымен қатар біз оны жолда бақылай аламыз. Енді тапсырыс бұрынғыға қарағанда тезірек келетінін атап өткім келеді. Қазір жеткізу мерзімі 2 аптаға дейін қысқартылды. Бұл өте қуантады. Ал жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері барлығын түсінікті түрде түсіндіріп, порталдағы ОТҚ - ға өтінім беруге көмектесті", - деп атап өтті I топтағы мүгедек Артем Ященко.

Бүгінгі күні тізілімде порталда 75 өнім беруші бар, оның ішінде 73 – әлеуметтік қызмет көрсету бойынша және 2 – санаторлық-курорттық емдеу бойынша. Қазір жеке іріктеуді талап етпейтін техникалық оңалту құралдарының 55 түрінің 24-і Портал арқылы ұсынылады, ал 2021 жылғы қаңтардан бастап жеке іріктеуді талап ететін техникалық құралдар қолжетімді болады.

Портал арқылы барлық қызметтер мен оңалту құралдары сапасы мен сатып алушылардың пікірлері бойынша өзін жақсы жағынан көрсеткен тауарлар мен қызметтердің орташа құны бойынша арнайы комиссиямен айқындалған, мемлекет кепілдік берген сома шеңберінде тегін ұсынылады.