Халықаралық отбасы күні аясында жас отбасылар арасында эстафеталық ойындар өткізілді.

Халықаралық отбасы күні аясында жас отбасылар арасында эстафеталық ойындар өткізілді.

15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні аясында, «Салауатты отбасы» атты өңірдегі жас отбасылар арасында эстафеталық ойындар өткізілді.

Отбасылық эстафета – отбасы мүшелерін біріктіретін, ептілік пен шапшаңдықты дамытатын көңілді спорттық сайыс. Мұндай жарыстар отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, балаға салауатты өмір салтының маңызын көрсетеді.

 Эстафета ойындарына Ақмола облысының қала және аудандарынан келген құрамында 3 адам (әкесі, анасы және баласы)  8 отбасылық командалар қатысты. Ойын 6 кезеңнен тұрып, әр кезең нәтижесі уақытпен әрі жаттығудың ережеге сай орындалуына қарай баллдық өлшеммен есептеліп, эстафета соңында қорытындыланды.

«Отбасы – мемлекетімізді құрайтын қоғамның ең маңызды бөлшегі. Сол себептен, облыстық жастар-ресурстық орталығы әрқашан Халықаралық отбасы күніне орай, жас отбасылармен түрлі форматтарда, бағыттарда шаралар өткізіп отырады. Биылғы жылы біз, осындай эстафеталық ойын өткізуді жөн көрдік. Барлық қатысушыларға әсіресе Қосшы қаласы, Шортанды, Ерейментау және Жақсы аудандандарынан арнайы келіп қатысқан қатысушыларға алғысымды білдіремін» - деп, Ақмола облысы ЖРО-ның бөлім басшысы Шыңғысхан Елеш өз сөзінде тоқталып кетті.

Ойын қорытындысы бойынша барлық отбасылар қатысқанын растайтын сертификаттарға ие болып, ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Жарыс нәтижесі бойынша 3 орын және «Үтік» - Көкшетау қаласы, «Novopack x Алтынтау» құрамасы, Рощиндер отбасысына бұйырса, 2 орынға және «Яндекс Алиса» - Көкшетау қаласы, «Шаңырақ» құрамасы, Бралиндер отбасысы ие болды. Ал 1 орын және «Кір жуғыш машинасы» - Қосшы қаласы, «Жігер» құрамасы, Умурбековтар отбасысы жеңімпаз атанды