
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен, жастармен жұмыс жасайтын психологтар, яғни, облыстық аудан\қаларының жастар ресурстық орталықтарының психологтары мен өзге де қалалық ұйымдардың психолог мамандарына арнап оқыту семинары өткізілді.
Аталған семинардың жаттықтырушысы практикалық психолог, Педагогика және психология магистрі, ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының бас маман-психологы, 22 жылдық кәсіби өтілі бар маман – Андриенко Ольга Александровна болып табылады.
Аталған семинарға аудандық және қалалық ұйымдардың психологтары қатысып, кәсіби тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және практикалық дағдыларды дамыту бағытында жұмыс жүргізілді.
«Семинарға жалпы саны шамамен 30-дан аса адам қатысты, оның ішінде 27 шақырылған практик-психолог мамандары, сондай-ақ тренер және ұйымдастырушылар болды. Қатысушылар әртүрлі мекемелерден, атап айтқанда білім беру ұйымдарынан, денсаулық сақтау саласынан, құқық қорғау органдарынан және басқа да ұйымдардан келген қала және аудан психологтары болды. Барлық қатысушылар іс-шара барысында белсенділік танытып, топтық жұмыстарға белсене қатысты.
Семинар барысында қатысушылар психогенограмма тақырыбы бойынша теориялық және практикалық білім алып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа әдістерді үйренді. Әсіресе, рефлексия және кері байланыс кезеңдері тиімді өтті. Әрбір психолог өзіне жаңа білім алғанын және алған тәжірибесін алдағы уақытта өз жұмысында қолдана алатынын атап өтті.
Жалпы, семинар-тренинг мазмұнды, пайдалы және тәжірибеге бағытталған түрде өтіп, қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылды.
Іс-шараның мақсаты: психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, психогенограмма әдісін тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін кеңейту, өзара тәжірибе алмасу.
Қамтылған бағыт: психологиялық-ағартушылық және тәжірибелік бағыт, кәсіби біліктілікті арттыру.
Нәтижесі: қатысушылар психогенограмма әдісі бойынша жаңа білім мен тәжірибе алып, алған білімдерін өз қызметінде қолдануға дайын екендерін білдіріп, кәсіби өзара байланыс нығайтылды» - дейді облыстық ЖРО әлеуметтанушы-психологы Самал Сабырбекова.
Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға екі күндік оқытуды растайтын сертификаттар табысталып, ал курс жаттықтырушысы ұйымдастырушылар атынан алғыс хатпен марапатталды.