
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен, «ENKI» ЖШС-де, «Kokshetau Marketing» қауымдастығы блогерлерімен кездесу өтті.
Kokshetau Marketing - бұл Көкшетау қаласының қарқынды дамып келе жатқан маркетингтік қауымдастығы, ол telegram және Instagram-да 250-ден астам белсенді қатысушыларды біріктіреді.
Kokshetau Marketing-тің басты мақсаты - адамдарды шығармашылық ойлаумен біріктіру, мықты кәсіби қоғамдастық құру және қатысушылар бір-бірін нығайтатын, тәжірибе алмасатын және аймақтағы маркетинг нарығын бірлесіп дамытатын орта құру.
Кездесу барысында кәсіпорын жайында мағлұмат айтылып, білікті мамандары таныстырылып, қауіпсіздік ережелері жайында ескертіліп, одан әрі экскурсия бастау алды.
«Бүгін біз үшін, Көкшетау қаласындағы «ENKI» кірпіш өндіру зауытында экскурсия ұйымдастырылды. Шараға блогерлермен қоса, облыстық ЖРО мамандары және студенттер қатысты. Экскурсия шеңберінде бізге өндіріс қалай жұмыс істейтіні, қызметкерлер үшін қандай артықшылықтар бар екендігі жөнінде ақпарат берілді. Жұмыс барысын өз көздерімізбен көріп, шараға қатысқандарға кәсіпорын ұнаған сыңайлы. Алдағы уақытта тағы да басқа ірі кәсіпорындарға барып, жұмысымен кеңінен танысу жоспарда тұр» - деп атап өтті өз сөзінде Kokshetau Marketing қауымдастығының жетекшісі, блогер – Қуаныш Мукушев.
Айта кету керек, кәсіпорында Испаниялық өндірісінің «SOLINCER S.L» және «TALLERES FELIPE VERDÉS» фирмаларының технологиялық желісі орнатылған. Өндіріс процесінің барлық кезеңдері автоматтандырылған және компьютерлік техникамен бақыланады. «ENKI» ЖШС кірпіш зауыты Қазақстанның кірпіш өндірісінің флагманы болып табылады.
Іс-шараның соңы естелік фотомен және зауыт қызмтекерлеріне уақыт бөліп, кәсіпорын жайлы ақпараттармен бөліскені үшін қатысушылар атынан жылы лебіздерін білдірумен мәресіне жетті.