Ғашықтар күніне орай кешкілік концерттік бағдарлама өткізілді.

Ғашықтар күніне орай кешкілік концерттік бағдарлама өткізілді.

    Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» атты ғашықтар күніне орай, кешкілік «OPEN AIR» концерттік бағдарламасын өткізді.

Аталмыш шара аясында концерттік бағдарламадан басқа конкурстар, би алаңдары, ойындар өткізілді.

Кеш қонақтары өңірлік жұлдыздар Қазыбек Ұлан, «Adagio» би студиясы, Мұратқазы Аяла мен Жапар Амина, Тұрсынәлі Азамат, Әліби және тағы басқалары қатысты.

«Биылғы жылдың ашық аспан астындағы алғашқы кешкілік бағдарламасын ашық деп жариялаймыз. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан бізді қолдап келген қала тұрғындарына алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі шарамыз тек жастар арасында ғана емес, сонымен қатар аға буын өкілдері үшін де қызықты өтті деген ойдамын» - деп, облыстық ЖРО маманы Мейірлан Жамбылов тоқталып кетті.

Шара аясында конкурс жеңімпаздарына арнайы демеушілерден сертификаттар табысталып, кештің одан әрі қызықты өтуіне себепші болды.