Степногорск қаласындағы Жоғары колледж базасында «Тиімді волонтерлік қызметтің негіздері» тақырыбында семинар өткізілді.

Степногорск қаласындағы Жоғары колледж базасында «Тиімді волонтерлік қызметтің негіздері» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға п. Заводской, п. Бестөбе, Ақкөл қаласы, Степногорск қаласы, Қарабұлақ, Азат (Ақкөл ауданы) ауылдары және Қырық-Күдік ауылынан келген жас волонтерлер қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 123 адам.
Семинар барысында қатысушылар волонтерлік қызметтің маңызы, тиімді волонтер болудың негізгі дағдылары, сондай-ақ волонтерлік жобаларды ұйымдастыру жолдары туралы білім алды. Практикалық бөлімде топтық жұмыстар жүргізіліп, кейстік тапсырмалар талқыланды.
Аталған іс-шара Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.