
2026 жылғы 1 сәуірде Атбасар ауданының Адыр станциясында халық арасында нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара Ақмола облысының, Атбасар ауданының жергілікті атқарушы органдары өкілдерінен құралған жұмыс тобы және Esbol Qory жанындағы esirtkisiz.aqmola өңірлік фронт-офисі тарапынан ұйымдастырылды. Азаматтардың есірткі заттарын қолданудың зиянды салдары туралы хабардарлығын арттыру, нашақорлыққа және есірткі қылмыстарына мүлдем төзбеушілік қалыптастыру мақсатында өткен іс-шараға ауыл тұрғындары, жастар, сондай-ақ орта және жоғары буын оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында спикерлер есірткі қылмысының алдын алу мәселелерін жан-жақты түсіндіріп, осы саладағы мемлекеттік саясат шаралары туралы айтып берді. Сонымен қатар «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» идеологиялық тұжырымдамаларының мәніне кеңінен тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жастармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінді, себебі олар есірткі ортасына тартылу қаупіне ең осал топ болып табылады. Қатысушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке жауапкершілікті арттыру және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту бойынша ұсынымдар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, нашақорлықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту саласында алдағы уақытта да ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.