«SMART QAZ» ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ІТ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

«SMART QAZ»  ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН  ОБЛЫСТЫҚ ІТ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
    1. Жалпы ережелер

     

    1. Осы Ереже «SMART QAZ» қазақ тілін қолдауға арналған ІТ жобалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын анықтайды, байқауға қатысу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін белгілейді.
    2. Байқаудың мақсаты Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді насихаттайтын өзекті, маңызды және пайдалы жаңа жобалар мен бастамаларды анықтау және оларға қолдау көрсету.

     

     

    1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

     

    1. «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
    2. Қазылар алқасының құрамын Басқарма анықтайды, бекітеді. Қазылар алқасының сандық құрамы үш адамнан аспауы тиіс.
    3. Байқауды өткізу туралы хабарландыру өткізілетін жылдың І тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және ұйымдастырушы органның, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.

     

     

    1. Байқауға қойылатын талаптар

     

    1. Байқауға мемлекеттік тілдің қолданылу аясын арттыруға бағытталған жаңа ІТ жобалар ұсынылады. Жобалар іске қосылмаған, ешқандай БАҚ беттерінде (әлеуметтік желілерді қоса алғанда) жарияланбаған болуы тиіс.
    2. Байқауға қатысу үшін өтінім осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық нұсқада растайтын құжаттармен (бар болса), фото және бейнематериалдармен қоса комиссияға беріледі.
    3. Комиссияға ұсынылған өтінімдер, құжаттар (бар болса), фото және бейнематериалдар қайтарылмайды.
    4. Конкурстық комиссия № 2 қосымшадағы критерийлерді ескере отырып, жобаларды бағалайды (бағалау критерийлерінің толық тізбесі қоса беріледі):

              1) Жобаның жаңашылдығы мен өзектілігі (ең жоғары ұпай – 25);

              2) Қолжетімділігі мен ыңғайлылығы (UX/UI) (ең жоғары ұпай – 20);

              3) Нәтижелілігі мен практикалық құндылығы (ең жоғары ұпай – 20);

              4) Техникалық орындалуы мен инновациялығы (ең жоғары ұпай – 25). Назар аударыңыз: бұл санатты бағалауда ішкі критерийлер де ескеріледі;

                    5) Әлеуметтік маңыздылығы және мемлекеттік тілдің дамуына қосқан үлесі (ең жоғары ұпай – 10 ұпай).

    1. Байқауға ІТ мамандар, бағдарламашылар және осы салада білім алып жүрген студент жастар, мектеп оқушылары қатыса алады. Байқау қатысушыларының өтінімдері (қосымша № 1) қоса берілген кестеге сәйкес 2026 жылдың 15 сәуірге дейін Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына жолдануы қажет (Көкшетау қ., Қ.Сәтпаев көш., 1Б).
    2. Байқау 2026 жылғы маусым айында Көкшетау қаласында өткізіледі. Байқаудың өтетін күні, уақыты, орны қосымша хабарланады.
    3. Соңғы үш жылдағы Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері (Бас жүлде, 1, 2, 3 орын иелері) Байқауға қатыса алмайды.

     

    1. Күтілетін нәтиже

     

    1. Байқауды өткізу мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереді, азаматтық институттардың жауапкершілігін арттырады, халықтың тіл саясатын іске асырудағы белсенділігін күшейтеді. Әрбір адам азаматтық парызын абыроймен атқаруға, патриоттық сезімдерін дамытуға қадам жасайды.
    2. Байқау жеңімпаздары Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

     Мекенжайымыз: Көкшетау қ., Қ.Сәтбаев көшесі, 1 Б, 3-қабат, 353 кабинет.

    Туындаған сұрақтар бойынша 8 (7162) 25-81-09,  707-202-14-22 (Мөлдір Әуелбекқызы) нөмірлеріне хабарласып, қосымша ақпарат алуларыңызға болады (Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі).

     

     

    Қосымша № 1

     

    «SMART QAZ»

    ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН

    ОБЛЫСТЫҚ ІТ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНА

    ҚАТЫСУ ӨТІНІМІ

     

     

    1.

    Жобаның авторы туралы қысқаша ақпарат (толық аты-жөні, жасы, жұмыс/оқу орны және т.б.)

     

     

    2.

    Жобаның бағыты:

    -мемлекеттік тілді үйрету саласындағы үздік жоба

     

     

    3.

    Жобаның атауы (сайт, мобильді қосымша және т.б.)

     

     

     

    4.

    Жобаның мақсатты аудиториясы

    (мектеп оқушылары, студенттер, ересектер, кез келген тіл үйренуші)

     

     

     

    5.

    Жоба авторының байланыс телефондары (WhatsApp)

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Қосымша № 2

     

    ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН

    «SMART QAZ» БАЙҚАУЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ

    ЖОБАЛАРЫН  БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

     

    1. Жобаның жаңашылдығы мен өзектілігі (ең жоғары ұпай – 25 ұпай)

     

    Деңгей

    Сипаттамасы

    Ұпай

    Төмен

    Жоба жаңашыл емес, идея басқа жобалардан алынған, өзектілігі төмен.

    0 – 10

    Орта

    Ішінара жаңа идея, ұқсас жобалар бар.

    11 – 20

    Жоғары

    Толығымен жаңа, заманауи үрдістерге сай, өзекті жоба.

    21 – 25

     

    2. Қолжетімділігі мен ыңғайлылығы (UX/UI) (ең жоғары ұпай – 20 ұпай)

     

    Деңгей

    Сипаттамасы

    Ұпай

    Төмен

    Интерфейс күрделі, навигация түсініксіз, құрылғыларға бейімделмеген.

    0 – 8

    Орта

    Жалпы ыңғайлы, бірақ кейбір кемшіліктер бар.

    9 – 15

    Жоғары

    Интуитивті, бейімделгіш интерфейс, әртүрлі құрылғыларда қолжетімді.

    16 – 20

     

     

     

     

    3. Нәтижелілігі мен практикалық құндылығы (ең жоғары ұпай – 20 ұпай)

     

    Деңгей

    Сипаттамасы

    Ұпай

    Төмен

    Жоба нақты нәтижелерді көрсетпейді, пайдасы аз.

    0 – 8

    Орта

    Жоба ішінара мақсаттарына жетеді, жетілдіру қажет.

    9 – 15

    Жоғары

    Жоғары нәтижелілікке ие, кең көлемде қолдануға мүмкіндік бар.

    16 – 20

    4. Техникалық орындалуы мен инновациялығы (ең жоғары ұпай – 25 ұпай)

    Бағалау келесі ішкі критерийлер бойынша жүргізіледі:

    Ішкі критерий

    Сипаттамасы

    Ұпай

    Код сапасы мен архитектурасы

    Құрылымы, түсініктілігі, құжаттамасы бар.

    0 – 7

    Өнімділігі мен тұрақтылығы

    Жұмыс жылдамдығы, қателердің болмауы, жүйенің тұрақтылығы.

    0 – 6

    Қауіпсіздік пен деректерді қорғау

    Мәліметтерді сақтау және беру қауіпсіз әдістері қолданылған.

    0 – 5

    Кроссплатформалылық және интеграциялар

    Әртүрлі операциялық жүйелер мен құрылғыларда жұмыс істеуі, API интеграцияларының болуы.

    0 – 4

    Инновациялық технологиялар

    ЖИ, AR/VR, машиналық оқыту, бұлттық шешімдер және т.б. технологияларды қолдану.

    0–3

     

     

    5. Әлеуметтік маңыздылығы және мемлекеттік тілдің дамуына қосқан үлесі (ең жоғары ұпай – 10 ұпай)

    Деңгей

    Сипаттамасы

    ұпай

    Төмен

    Жоба қазақ тілін насихаттауға аз ықпал етеді.

    0 – 4

    Орта

    Жоба мемлекеттік тілді қолдануға орташа деңгейде ықпал етеді.

     5 – 7

    Жоғары

    Жоба қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге елеулі үлес қосады.

    8 – 10

    ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫ

    Критерий

    Ең жоғары ұпай

    Нақты ұпайы

    Жаңашылдығы мен өзектілігі

    25

     

    Қолжетімділігі мен ыңғайлылығы

    20

     

    Нәтижелілігі мен практикалық құндылығы

    20

     

    Техникалық орындалуы мен инновациялығы

    25

     

    Әлеуметтік маңыздылығы

    10

     

    Барлығы

    100

     


    Нәтижелерді интерпретациялау:

    • 90-100 ұпай – жоба қолдауға және енгізуге ұсынылады;
    • 70-89 ұпай – жоба әлеуетті, аздаған жетілдіру қажет;
    • 70 ұпайдан төмен – жобаға елеулі өзгерістер енгізу қажет.


    !Ұпайлар тең болған жағдайда, техникалық сапасы мен әлеуметтік маңыздылығы жоғары жобаға басымдық беріледі.