
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ бастамасымен Көкшетау қаласының ЖОО мен ТжКБ студенттеріне арнап, волонтерлік бағыт, жаңа Конституцияны талқылау, жастар ұйымдары және жастар ресурстық орталықтарымен таныстыру бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Кездесудің мақсаты – студенттерді ЖРО-ның жұмысымен (жобалар, іс-шаралар жайында), қалалық және облыстық деңгейдегі жастар, волонтерлер ұйымдарының мүшелерімен және атқарып жатқан қызметтерімен таныстыру, жастардың әлеуетін арттыру және олардың қоғамдағы белсенділігін көтеру болып табылады.
Айта кету керек, аталмыш кездесулер күніне кем дегенде екі оқу орнында өткізіліп, жастарға пайдалы мағлұматтармен бөлісуде.
Соның бірі Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжінің студенттерімен өткізілген кездесу.
Іс-шараға, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар және отбасы істері» бөлімінің басшысы – Айсұлу Оралқызы Мырзахметова, Көкшетау қаласы бойынша «Инновациолық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының филиалының менеджері – Каиров Тамирлан Жасланович, «Esbol Qory» жанындағы өңірлік esirtkisiz.aqmola фронт-кеңсесінің жетекшісі – Даниал Жағупар, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ-сі «Жастармен жұмысты ұйымдастыру» бөлімінің маманы – Нұрай Жасуланова Игиликовна және «Зияткер» дебат клубы.
Кездесу барысында әр спикер қызметі жайлы баяндамалырын жасап, түсіндірме жұмыстарын өткізді. Атап айтсақ, ЖРО-ның жүргізіліп жатқан жұмыстары, жастарға арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізілген жобалар, жастар ұйымдары мен волонтерлік орталықтардың атқарып жатқан қызметі, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасының жариялануы туралы ақпарат берілді.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар және отбасы істері» бөлімінің басшысы – Айсұлу Мырзахметова студенттерге қазіргі таңда қандай жобалар, бағдарламалар және гранттар жөнінде тоқталып кетті.
Шынында да жастарға Үкімет тарапынан түрлі салада көптеген жеңілдіктер мен мүмкіндіктер көрсетіліп жатқаны қуантарлық жағдай.
«Esbol Qory – Орталық Азия мен Қазақстанда әлеуметтік маңызы жоғары мәселелердің алдын алуға және жастардың құқықтық, әлеуметтік, психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған қоғамдық қор. Қордың негізгі миссиясы – қоғамдағы өзекті проблемаларға немқұрайлы қарамай, нақты әрекет арқылы оң өзгеріс жасау.
Esbol Qory-дың басты мақсаты – жастар мен халық арасында әлеуметтік қауіптердің алдын алу, саналы өмір салтын қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтық жауапкершілікті күшейту.
Жұмыс форматы
Esbol Qory өз қызметін заманауи және тиімді форматта жүзеге асырады:
Серіктестіктер: БҰҰ, OSCE, JAS KENES, Ішкі істер министрлігі, meta компаниясы және т.б.» - деп, «Есбол қоры» ҚҚ жанындағы өңірлік «Есірткісіз Ақмола» фронт-кеңсесінің жетекшісі Даниал Жағупар сөз кезегінде қызметі жайында баяндап берді.
Шара соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтарын қойып, сапалы жауап алды.