
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі қызмет көрсету нысандарында тіл туралы заңнама талаптарының сақталуына зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
Атап айтқанда «Milk project» ЖШС (Зеренді ауданы, Садовое ауылы) өндіретін сүт өнімдерінің (сүт, айран, қаймақ, сары май, сүзбе және т.б.) қаптамаларындағы ақпараттардың заңнама талаптарына сәйкес ресімделуіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нысанның әкімшілігімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Бурабай ауданындағы «Ақ желкен» СҮ, «Aragvi», «Pronto», «Stories», «Bon appetit» дәмханаларына, «Skala» қонақ үйі, «Avenue» ОСО, «Вектор» баспа орталығы және т.б. нысандардың ішкі және сыртқы ақпараттары зерделеніп, кәсіпкерлерге заңнама талаптары жөнінде ақпарат беріліп, сауда және тұрмыстық қызмет саласы қызметкерлеріне арналған орысша-қазақша тілашарлар таратылды.
Зерделеу жұмыстары барысында анықталған бұзушылықтарға қазіргі уақытта түзету жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады.
Егер сізге ас мәзірі, түбіртек немесе басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде берілмесе, облыстық call орталығына хабарласыңыз. Мемлекеттік тілде қызмет алуға сіздің құқығыңыз бар.
Call орталығы 87162-25-81-09 Мөлдір Демеуова.