«Әкім кубогы-2025» көңілді жастар алаңы ойыны өткізілді

«Әкім кубогы-2025» көңілді жастар алаңы ойыны өткізілді

Жыл сайынғы студенттер мен жұмысшы жастар арасындағы «Ақмола облысының әкім кубогы-2025» көңілді жастар алаңындағы ойын өңірлік талалнтты командалардың басын біріктірді.

Іс-шараның мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту және қолдау, Ақмола облысында әзіл қозғалысын насихаттау және кеңейту, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуына мүмкіндік беру, командалардың шығармашылық деңгейін арттыру болып табылады.

Ұйымдастыру комитеті мен редакциясы ойынға арналған конкурстық тапсырмалардың санын, тақырыбын, қазылар алқасының құрамын анықтады. Командалардың ойынға қатысу тәртібін лига редакциясы бекітті.

Ойынға Ақмола облысының жас үздік 6 командасы қатысып, бақ сынасты. Ойын «Сәлемдесу» және «Биатлон» сияқты екі кезеңнен тұрды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын немесе қоғамдық мораль мен адамгершілік тұрғысынан жол берілмейтін әзілдерге, басқа командаға тиесілі, баспа немесе электронды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, әзіл-қалжыңдар немесе басқа да мәселелер бойынша қоғамдық әзілдерге жол берілмеді.

«Көңілді жастар алаңы бұл – жастарды бір ортаға жинайтын ойын. Жас командаларға айтарым, араларыңызда ауыз біршілік, сыйластық болсын. Бір-бірлеріңізді түсіне білсеңіздер өте керемет команда боласыздар. Ең бастысы  дайындық... Шынында да небір талантты жастарымыз бар екеніне көзіп жетті. Осындай дарынды, сатираға қабілеті бар жас ұрпақ қуантарлық жағдай» - деп өз сөзінде ойын төрешісі, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы «Жастар ісі және отбасы» бөлімінің басшысы – Айсұлу Мырзахметова тоқталып кеткен болатын.

Ойын нәтижесі бойынша, «Үздік ойыншы»  номинациясының иегері атанып, 50 000 теңгелік сертификатпен Қосшы қаласы, «Exclusive» құрамасының капитаны - Сейтқасым Ерсұлтан марапатталса, «Көрермен көзайымы» номинациясы және 50 000 теңгелік сертификатпен «Шоқан» құрамасына бұйырды.

3 орын және 100 000 теңгелік сертификатпен Қосшы қаласы, «Exclusive» құрамасы;

2 орын және 200 000 теңгелік сертификатпен Көкшетау қаласы «Мусин жастары» құрамасы;

1 орын және 300 000 теңгелік сертификатпен «Ақмола облысының құрамасы» марапатталды.