2025 жылғы 12 желтоқсанда Көкшетау қаласындағы «Eurasia Group Kazakhstan» ғимаратында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Жұмысшы жастар форумы өтті. Бұл шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы қорытынды іс-шара ретінде өтті.

2025 жылғы 12 желтоқсанда Көкшетау қаласындағы «Eurasia Group Kazakhstan» ғимаратында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Жұмысшы жастар форумы өтті. Бұл шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы қорытынды іс-шара ретінде өтті.

Форумның мақсаты – жұмысшы жастардың еңбегін дәріптеу, еңбекке адалдықты насихаттау, жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және еңбек ұрпағын қолдау.

Шара Жұмысшы мамандықтар жылына арналған бейнероликпен басталды. Форум барысында еңбек әулеттерінің өкілі, жас жұмысшы, сондай-ақ «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының жеңімпазы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Форумда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айтбаев Досұлан Ерланұлы құттықтау сөз сөйлеп, жастардың ел дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті.

Салтанатты марапаттау рәсімі барысында:

- Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек озаты атанған 20 жас алғыс хаттармен және гүл шоқтарымен марапатталды;

- «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауының 12 жеңімпазы 1 миллион теңге көлеміндегі сертификаттармен және дипломдармен марапатталды;

- Жұмысшы мамандықтар жылына арналған фотобайқау жеңімпаздары осы байқаудың демеушісі – «NS Group Logistic» ЖШС басшысы Нұрпейісов С.К. атынан арнайы сыйлықтарға ие болды.

Форум концерттік нөмірмен және қатысушылардың естелік фотосуретке түсуімен аяқталды.

Іс-шара жастарға шабыт беріп, еңбек құндылықтарын насихаттайтын маңызды алаңға айналды.