«Елтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында «Чинсон» корей этномәдени орталығының мәдени шарасы өтті.

«Елтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында  «Чинсон» корей этномәдени орталығының мәдени шарасы өтті.

«Елтану» ғылыми-ағартушылық жобасы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясындағы қазақстандық патриотизмді және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған «Ел бірлігі»  жобасы негізінде іске асырылды.

Негізгі мақсаты – Ақмола облысы тұрғындарының қоғамдық санасына Қазақстан халқының рухани әрі мәдени құндылықтарын енгізу, азаматтық қағидаттарға негізделген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін одан әрі жетілдіру, этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту.

         Көкшетау қаласындағы Достық үйінде «Чинсон» корей орталығының мүшелері ұлттық мұраларды жаңғыртып, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерге жаңа серпін беру мақсатында «Күн көрсету және Аманат» атты мәдени іс-шара өткізді.

Бағдарламаның алғашқы бөлімі  «Күн көрсету»  дәстүрінің мән-маңызын сахналық қойылым арқылы көрсетті. Көрермендер сәбиді алғаш рет күн нұрына шығару салтының тәрбиелік, символдық және рухани қырларын сезінді.

Екінші бөлімде  «Аманат»  дәстүрі ұсынылып, қазақ халқының сенім, жауапкершілік және адамгершілікке негізделген өмірлік қағидалары көрініс тапты.

Шара ұлттық рухани мұраны кеңінен таныстырып, дәстүрлеріміздің бүгінгі қоғам үшін де маңызды екенін айқын көрсетті.

Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, ұлттық өнерді насихаттаудың жалғасатыны атап өтілді.