
Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесінің хатшысы Шер Раиса Петровна, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Рамазанов Елдос Мұратұлы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Жанбекова Гүлнара Хамитовна, құқық қорғау, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, олардың аумақтық бөлімшелері, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, ҰПМ және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің қатысушылары, сондай-ақ «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі қатысты. Қатысушылардың жалпы саны шамамен 1000 адамды құрады.
Раиса Петровна Шер азаптаудың және қатыгез, адамшылыққа жат немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынастың өзге де түрлерінің алдын алуға бағытталған Ұлттық превентивті механизмнің негізгі аспектілері туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар ҰПМ қатысушыларының ұсынымдарын ілгерілетуге ықпал ететін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің рөліне ерекше назар аударылды.
Мәжіліс барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, түзеу мекемелеріндегі, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардағы адамдарды ұстау жағдайларын жетілдіру мәселелері талқыланды, мониторингтік сапарлардың нәтижелері тыңдалып, бар сын-қатерлер сараланып, азаптаудың және қатыгез қарым-қатынастың алдын алу жүйесін нығайту бағыттары айқындалды. Дөңгелек үстел отырысы барысында ҰПМ жұмысы туралы буклеттер таныстырылып, Үйлестіру кеңесінің хатшысы мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілінің ҰПМ қызметі туралы баяндайтын бейнероликтер көрсетілді.
Гүлнара Жанбекова Ұлттық превентивті механизмнің жұмысы адам құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік жүйенің маңызды элементі екенін атап өтті. Оның рөлін және мүмкіндіктерін күшейту құқық бұзушылықтардың алдын алуды тиімдірек етуге, сондай-ақ түзеу мекемелерінде, әлеуметтік қорғау және білім беру ұйымдарында гумандық, ашық және қауіпсіз орта қалыптастыруға оң ықпал етеді.
Дөңгелек үстел тәжірибе алмасу, басымдықтарды айқындау және Ұлттық превентивті механизмнің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдарды келісу үшін маңызды алаң болды.