
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, жыл сайынғы жастар, студенттер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер арасында «AQMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалардың аймақтық байқауын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың шығармашылық, білім беру және әлеуметтік бастамаларын дамыту және қолдау, жас адам тұлғасын дамыту, жастардың жобалық-зерттеу және ғылыми жұмысқа қатысуын ынталандыру, Мемлекеттің үдемелі индустриялық – инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік саясаттың басымдықтарын іске асыру мақсатында экономиканың түрлі салаларында инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу болып табылады.
Байқаудың екі кезеңнен материалдарды қабылдау және жобаларды презентациялаудан тұрды.
Аталмыш байқауда келесі көрсетілген ғылыми-негізделген жобалар ұсынылды:
Байқауға қатысуға жастар, мектеп оқушылары сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, жоғары оқу орындарының студенттері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, жас оқытушылар, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер жіберілді. Сондай-ақ, байқауға 5 адамнан аспайтын идея авторларының топтары қатыса алды. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі 14-пен 35 жас аралығына дейін.
«Қазіргі жаһандық экологиялық дағдарыс жағдайында табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесі адамзаттың ең өзекті міндеттерінің біріне айналды. Қазақстанда да экологиялық проблемалар - ауа, су, топырақтың ластануы, табиғи ресурстардың сарқылуы, климаттың өзгеруі, биологиялық әртүрліліктің азаюы - қоғамның тұрақты дамуына тікелей әсер етуде. Бұл мәселелерді шешуде жастардың рөлі ерекше, себебі болашақтың иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан жастардың экологиялық ойлауын, жауапкершілігін, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру - мемлекеттік саясаттың, білім беру жүйесінің және қоғамдық бастамалардың басты бағытына айналды. «Экология және табиғатты пайдалану саласындағы бастамалар» бағытына ұсынылып отыр» - дейді презентациялау барысында, жоба қатысушысы, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінің ұстазы Сырым Беген.
Сырым Серікұлы, Бағдәулет Егізбайұлы, Ернұр Қалдыбекұлы ұсынған «ЭКОЖҮЙЕ ҚАЛҚАНЫ» ғылыми жобасының негізгі идеясы - «Екі әлем» концепциясы арқылы жастарға экологиялық мәдениетті визуалды түрде жеткізу, ластанған орта мен таза табиғаттың контрастын көрсету арқылы экологиялық ойлауды қалыптастыру және табиғатты қорғауға тарту. Жоба ағаш, қағаз, пластик сияқты қарапайым әрі қолжетімді материалдардан жасалған макет түрінде ұсынылады. Ол мектептерде, университеттерде, көрмелерде және қоғамдық акцияларда қолдануға арналған.
«Бұл ғылыми жобада экожүйе тұрақтылығы, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, озон қабаты және климаттық өзгерістер сияқты экологиялық ұғымдар ғылыми тұрғыда негізделеді. Сонымен қатар, жобаның тиімділігі, әлеуметтік әсері, ұқсас қазақстандық және халықаралық тәжірибелер, материалдық-техникалық сипаттамалар, визуалды элементтер, қауіпсіздік талаптары және жүзеге асыру жоспары жан-жақты талданады» - деп мәлімдеді жас ұстаздар.
Байқау қорытындысы кезінде 3 бағыт бойынша үш жүлделі орын және «Үздік жоба» номинациялары анықталды. Барлық қатысуышларға қатысқанын растайтын сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар және ақшалай сертификаттар табысталды. Жалпы жүлде қоры: 1 300 000 теңге.