«Өз таңдауыңды жаса» атты презентациялық концерті өтті

«Өз таңдауыңды жаса» атты презентациялық концерті өтті

«Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен, Көкшетау қаласының «Достар» МҮ-де, қаламыздың ЖОО және ТжКБ алғашқы курс студенттеріне арнап жыл сайынғы «Өз таңдауыңды жаса» атты презентациялық бағдарламасы өткізілді.

         Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында отыздан астам жастар бірлестіктері мен ұйымдары бар. Олар мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен бір бағытта жұмыс істейді.

         Аталмыш іс-шара Көкшетау қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің 1 курс студенттері үшін, облыстың жастар саясаты мен студенттік ортасына бейімделуге көмек көрсету, түрлі бағыттар бойынша белсенді және перспективалы студенттермен жұмыс ұйымдастыру, құқықтық сауаттылықты, СӨС және қоғамдық белсенділікті насихаттау, бос уақытты тиімді пайдалану, облыстық жастар-ресурстық орталығы қызметінің жалпы жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылуда.

         Шара, Ақмола облысының «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ, «Думан» Ақмола облыстық педагогикалық жасағы, «Молот» және «Зияткер» пікір-сайыс клубтары, Көкшетау қаласы бойынша «Қазақстан студенттер Альянсы», «Фэникс», «Мейірім» волонтерлік орталықтары, «Келешек» жастар кеңесі, «Алау» студенттік театры және т.б. ұйымдардың қатысуымен өтті.

         Презентациялық концертке Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар және отбасы істері» бөлімінің басшысы – Айсұлу Оралқызы Мырзахметова қатысып, жастарға игі тілегі мен сенімін білдірді.

         «Құрметті студенттер! Сіздерді, бүгінгі шарадан керемет әсер алады деген ойдамын. Үлкен армандарыңызды жүзеге асырып, бүгінгі шарада ғана емес, нағыз мықтылар қоғамында да өз орнындарыңызды табатындарыңызға нық сенімдімін!

         Елдің ертеңгі тізгіні – жастардың қолында. Сіздердей жастар, Жаңа Қазақстанның гүлденуіне сүбелі үлес қосып, әлеуеті зор, бәсекеге қабілетті, дені сау азаматы болып, арман-мақсаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспін! Баршыңызға жақсы көңіл күй және сәттілік тілеймін!» - деп, өз сөзінде өңірлік ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Айсұлу Мырзахметова тоқталып кетті.

         Сонымен қатар, шара барысында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, әрбір ұйым көшбасшылары мен белсенділері өздерінің қызметімен толыққанды студенттерге таныстырып, ұйым мүшесінің қатарына енуіне шақырды.