
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының ұжымы «Ұлттық диктант» жобасы аясында диктант жазу жұмысына қатысты.
Жобаның негізгі мақсаты – қоғамды бірлікке шақыратын, әр азаматтың мемлекеттік тілді еркін қолдануына серпін беретін мәдени-ағартушылық бастаманы қолдау.
Ішкі саясат басқармасынан бастау алған диктант жұмысы алдағы күндері өзге облыстық басқармаларда да жалғасатын болады.
«Ұлттық диктант» жазу – тіл мәдениетін жетілдірудің, сауаттылықты арттырудың және мемлекеттік тілге деген құрметті күшейтудің тиімді құралы.
Бастама басқарма қызметкерлеріне тілдік бірегейліктің маңызын терең түсінуге, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға мүмкіндік берді.