Нашақорлықты алдын-алу бойынша облыстық оқыту семинары өткізілді

Нашақорлықты алдын-алу бойынша облыстық оқыту семинары өткізілді

Есірткі мен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру аясында 2025 жылғы 6 қарашада Көкшетау қаласында ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыстық оқыту семинары өтті. Іс-шараға аудан әкімдерінің орынбасарлары мен Ақмола облысының ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты. Семинар тақырыбы – «Есірткіге тәуелділіктің алдын алу, есірткі және психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолданудың құқықтық және медициналық салдары». Семинар барысында спикерлер – «Зерделі ұрпақ» ұйымының жетекшісі Г.К. Оразбаева, Ақмола облысы Аналар кеңесінің төрайымы А.К. Жахина, облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Р.Т. Курсанова, «Esbol» фронт-офисінің жетекшісі Даниал Жагупар – қатысушылармен бірге өңірлерде профилактикалық бағдарламаларды іске асыру тәжірибелерін, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай тәсілдері мен алгоритмдерін қарастырды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар деңгейінде психоактивті заттардың алдын алудың тиімді тетіктері мен жастар аудиториясы мен цифрлық орта ерекшеліктерін ескере отырып, ақпараттық науқанның негізгі бағыттары айқындалды