Облыстық жастар-ресурстық орталығы өзінің кезекті жастарға арналған түсіндірме тобын құрып, өңір жастарымен кездесті.

Облыстық жастар-ресурстық орталығы өзінің кезекті жастарға арналған түсіндірме тобын құрып, өңір жастарымен кездесті.

Жастар ресурстық орталықтарының басты міндеттері жастар және жастар қоғамдық бірлестіктерімен тығыз байланыста болуына орай, облыстық жастар-ресурстық орталық ұжымы өңірлік жас буындармен әрқашанда кездесулер, диалог алаңдары және мерекелік іс-шаралар өткізіп тұрады. Сонымен қатар, облыстық ЖРО жыл сайын қала, аудан және ауылдық округтерді аралап, жастармен кездесу ұйымдастырып отырады. 

        Осыған байланысты, жоғарыда аталғандай жыл сайын облыстық ЖРО ішінен жастарға арналған ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, өзінің кезекті іс-сапарына шығып, екі апта ішінде 14 аудан және 2 қаланы аралап қайтты.

        Аталған топтың құрамына Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы – Дастан Ермеков, «Ақпараттық-талдау» бөлімінің СММ-маманы – Жанболат Жолдаспай,  «NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау және кеңес беру» бөлімі басшысының м.а. – Шыңғысхан Елеш, және өңірлік «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі басшысының м.а. – Дидар Хамзин енді.

        2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы болғандықтан, жұмысшы мамандықтардың имимджін көтеру мақсатында, облыстық жастар-ресурстық орталығының бастамасымен өңірдегі кәсіпорындарда қызмет етіп жүрген жұмысшы жастармен кездесу өткізуде.

        Биылғы ЖАТТ-ның мақсаты да өңір бойынша кәсіпорындардағы жас жұмысшылармен кездесіп, жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы кеңінен ақпараттандыру болып табылады.

        «Шараның маңыздылығы жастарға жастар саясаты мен ресурстық орталықтары қызметінің мән-жайын талқылауға септігін тигізеді. Әрбір қатысушы өз ойларымен бөлісіп, жастар саясаты жайында көкейінде тұрған сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар. Жастар ресурстық орталықтарының мақсаттары және міндеттерімен таныс болып, ресурстық орталықтардың жастар үшін жасап жүрген қызметтерімен толықтай хабардар болды. Сонымен қатар, қатысушыларға кәсіпорындарда арнайы экскурсия өткізіліп отырды» - деп облыстық ЖРО бөлім басшысының м.а. Шыңғысхан Елеш тоқталып кетті.   

        Ең алғашқы болып, Атбасар ауданынан бастау алып, одан әрі Жақсы, Астрахан, Егіндікөл, Бұланды, Біржан сал аудандары, Степногорск қаласы, Ақкөл, Ерейментау, Аршалы аудандары, Қосшы қаласы, Целиноград, Шортанды, Бурабай және Сандықтау аудандарын аралап, соңында Зеренді ауданымен іс-сапар аяқталды. 

        Жұмысшы жастармен кездесу барысында өңірдегі мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы мен облыстық ЖРО қызметі туралы сөз қозғалды. Жастар өздерінің қызықтыратын сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сондай-ақ, жастарға ҚР Президенті Жолдауының негізгі басымдықтары жөнінде сөз қозғалды.

        Ақпараттық-түсіндіру алаңдарын өткізу аясында жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру, кәсіпкерлікті дамыту туралы түсініктемелер және жастарды қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес берілді.

        Шара шеңберінде өңірдегі аудан және қалалардағы кәсіпорындарда жұмысшы мамандықтағы жастары алғыс хаттармен марапатталды. Қорытындылай келе, жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпаратты жаппай тарату жеткіліксіз екендігі анықталды.