«Бірліктің киелі бесігі – Ассамблеяға 30 жыл!» атты этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының облыстық фестивалі өтті.

«Бірліктің киелі бесігі – Ассамблеяға 30 жыл!» атты этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының облыстық фестивалі өтті.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Республика күніне орай этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжымдарды қолдау, өңір тұрғындарының мәдени байланысын күшейту, достық пен өзара құрмет құндылықтарын дәріптеу мақсатында 2025 жылғы 18 қазанда Көкшетау қаласындағы Достық үйінде облыстық фестиваль ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынның ашылуында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев құттықтау сөз сөйлеп, Ассамблеяның қоғамдағы ерекше рөлін атап өтті.

Фестиваль барысында сахна төрінде көрермендерге қазақ ұлтының, татар, поляк, қырғыз, орыс, корей және өзге де этностардың әндері мен билері ұсынылды.

Шара соңында көрермендердің ерекше ықыласына және қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған қатысушылар марапатталды.

Бас жүлде - «Гран-при» және 1 000 000 теңге көлеміндегі сыйлық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ораз Айымға табысталды.

І орынды және  500 000 теңге көлеміндегі сыйлықты Степногорск қаласындағы «Юлдаш» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ансамблі иеленді.

ІІ орын және 300 000 теңге көлемінде сыйлық «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» Ақмола филиалының өкілі Дмитрий Майерге, ІІІ орын және 200 000 теңгелік сертификат поляк этномәдени бірлестігінің «Степовэ квяты» вокалдық тобына берілді.

Фестивальге қатысқан барлық өнерпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталып, шараның соңында патриоттық ән шырқалды.