Целиноград ауданының диқандары мол өнім жинады

Целиноград ауданының диқандары мол өнім жинады

Целиноград ауданында орақ науқаны аяқталды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, аудан диқандары 295 мың тонна астық жинады. Биылғы егін жинау жұмыстары ұйымшылдықпен және кідіріссіз өтті.
Мамандардың айтуынша, егіс алқаптарының ұлғаюы, ауыл шаруашылығы техникасының жаңаруы және мемлекеттің жүйелі қолдауы ауданның аграрлық саладағы позициясын нығайтуға ықпал етуде.
2025 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға артып, 261 мың гектарды құрады.
- Биыл дәнді дақылдар алқабы 5 мың гектарға ұлғайып, жалпы 215 мың гектарды құрады, ал майлы дақылдар 13 мың гектарға көбейіп, 30 мың гектарға жетті. Ал көкөніс пен мал азығы дақылдары өткен жылғы деңгейде сақталды, - деп Целиноград аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Омар Абуов атап өтті.
Егін жинау науқанына 290-нан астам астық жинайтын техника, соның ішінде 109 тракторлық және 97 автокөлік пойызы тартылды. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарынан 15 центнерді құрап, жалпы 295 мың тонна астық жиналды. Майлы дақылдар бойынша өнім 10,5 мың тоннаны құрап, гектарына 9,5 центнерге айналды. Бұдан бөлек, 10 мың тонна картоп және 4 мың тонна көкөніс жиналды.
Орақ науқанының аяқталуы ауыл шаруашылығы маусымының аяқталғанын білдірмейді. Қазіргі уақытта аудан шаруашылықтары келесі жылға дайындық жұмыстарын бастап кетті: астық сақтау және өңдеу инфрақұрылымын жақсарту шаралары жүргізілуде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының техникалық жарақтандырылуын арттыру жоспарлануда.
Биылғы жылдың 1 қазанынан бастап «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл бағдарлама ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жаңа егіс маусымына алдын ала дайындалуға және аграрлық секторды дамытуға мүмкіндік береді.
Аудан әкімі диқандарға олардың еңбексүйгіштігі, туған жерге деген адалдығы және жоғары кәсібилігі үшін шынайы алғысын білдірді.
«Мемлекет басшысы атап өткендей, еңбек адамы – елдің байлығы! Биылғы маусымдағы жетістіктеріміз – біздің аграрлардың жанқиярлықпен және адал еңбегінің нәтижесі. Еңбектеріңіз әрдайым берекелі болып, отбасыларыңызда амандық пен молшылық орнасын», – деді аудан әкімі.