«Салтанат сарайында» облыс әкімінің орынбасары Д.Е. Айтбаевтың қатысуымен Қазақстандық отбасы күнін мерекелеу және «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 2014 жылдан бастап өткізіледі. Конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Ағымдағы жылы аудандық деңгейдің қорытындысы бойынша 100 - ге жуық өтінім берілді.
Ағымдағы жылдың облыстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 7 жеңімпаз отбасы анықталды. Гран-при-Мекебаевтар отбасы, Целиноград ауданы., 1 орын – Самалхан Зұлхажап отбасы, Қосшы қ, 2 орын – Червяковтар отбасы, Ақкөл ауданы, 3 орын – Хамзиндер отбасы, Бурабай ауданы.; үш көтермелеу орны – Жолпат отбасы Аршалы ауданы, Тұрсыновтар отбасы Қорғалжын ауданы,Қабылдиновтер отбасы Атбасар ауданы.
Іс-шара барысында жеңімпаз отбасыларына ақшалай сертификаттар мен құнды сыйлықтар табысталды.
Мереке концерттік бағдарламасымен жалғасты.