Ақмола облысында «Елдесу және татуласу: татулықты нығайтудағы этномедиацияның рөлі» тақырыбында республикалық конференция өтті.

Ақмола облысында «Елдесу және татуласу: татулықты нығайтудағы этномедиацияның рөлі» тақырыбында республикалық конференция өтті.

Этномедиация институтын дамыту арқылы этносаралық қатынастарды тұрақтандыру, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында

Достық үйінде конференция ұйымдастырылды.

         Іс-шараға мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдары, сот жүйесінің өкілдері, кәсіби медиаторлар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен сарапшылары қатысты.

Конференция спикерлері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өңірлік жұмыс басқармасының басшысы Мақсұтов Мерей Нығметұлы, ҚХА жанындағы республикалық этномедиация кеңесінің төрағасы Пулатов Шерзод Аббозұлы, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС Этномедиация орталығының директоры    Узарова Луиза Магамедовна, «International Bureau of Mediation» қоғамдық бірлестігінің директоры Нарбаева Гүлмира Кенжебулатқызы, «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы  Италиева Талшын Мұқатқызы этномедиацияны өңірлік деңгейде жүйелі түрде енгізудің және оны мемлекеттік органдар қызметіне біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, шара барысында қатысушылар этносаралық шиеленістердің алдын алу және этносаралық дауларды шешу тәжірибесі бойынша мағлұмат алды.

         Конференция аясында тәжірибе алмасу, кәсіби пікірталас және этномедиация тетіктерін дамытуға бағытталған өзекті ұсыныстар жасалды.