Ақмола облысының ассамблея өкілдерімен келелі кездесу өтті

Ақмола облысының ассамблея өкілдерімен келелі кездесу өтті

 

19 тамыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының активімен және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық өкілдігімен кездесті.

Кездесуге Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Әміренова, республикалық этномедиация кеңесінің төрағасы Ш.Пулатов, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Джумурбаев, облыстық ассамблеяның мүшелері және ҚХАА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының өкілдері, ассамблея жастары қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар Халықтық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының көрмесімен танысып, Достық үйі бойынша экскурсия жасады.

Кездесуде этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған маңызды жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне белсенді қатысып, ел бірлігін нығайтуға қосқан зор үлесі үшін бірқатар азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісімен және Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілхановтың алғыс хаттарымен марапатталды.