Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жастармен кездесу жалғасуда.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жастармен кездесу жалғасуда.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының «Көкшетау жылу» ШЖҚ МҚК кәсіпорнының жұмысшы жастарымен  кездесу өтті.

2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы болғандықтан, жұмысшы мамандықтардың имимджін көтеру мақсатында, облыстық жастар-ресурстық орталығының бастамасымен қаламыздағы ірі кәсіпорындарда қызмет етіп жүрген жұмысшы жастармен кездесу жалғасын табуда. Соның бірі, қаламызды жылулықпен қамтамасыз етіп жүрген «Көкшетау жылу» ШЖҚ МҚК кәсіпорны.

Облыстық ЖРО мамандары аталмыш кәсіпорнымен кеңінен танысып, жас жұмысшы мамандарымен кездесіп қайтты.

Аталған шараға, «Көкшетау жылу» ШЖҚ МҚК кәсіпорнының Экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасарының м.а. – Сматаев Самат Мағауияұлы, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы «Жастар және отбасы істері» бөлімінің бас маманы – Мизамбекова Аягөз Айтқожақызы, Ақмола облысы Жастар-ресурстық орталығының бөлім басшысы – Жанарисова Мақпал Мұхтарқызы, «Отбасы банк» АҚ қаржылық кеңесшісі – Жанспаев Ерлан Қайыржанұлы, БАҚ өкілдері, ұйымдастырушылар және аталмыш кәсіпорнының қызметкерлері қатысты.

Аягөз Айтқожақызы, жастарға мемлекет тарапынан қандай жобалар мен бағдарламар жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндап берді. Оның айтуы бойынша көптеген жастар бейхабар болуына байланысты көптеген мүмкіндіктерді қолдан жіберіп алуы жиі кездесуде.

Аталмыш кәсіпорынның Экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасарының м.а. Самат Мағауияұлының айтуынша, қазіргі таңда 600-ге жуық жұмысшылар қызмет етсе, шамамен 30%-ы дерлік жастарды қамтиды. Сонымен қатар, жастарға барлық жағдайлар жасалынып жатқаны туралы сөз етті. Атап айтсақ, жалақының уақытылы төленуі, алдағы уақытта кәсіпорын аймағында жатақхананың салынуы жоспарда тұрғаны жөнінде айтылды.

Шара соңында ұйымдастырушылар мен спикерлерге арнайы кәсіпорын бойынша экскурсия өткізілді.Техникалық қауіпсіздік, жылу беру маусымына дайындық жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.