
Кездесу барысында түрлі салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан жұмысшы мамандық иелерімен жылы жүздесу өтті. Олар өздерінің еңбек жолдары, жеткен жетістіктері мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында жас мамандар мен студенттер еңбек адамдарының табандылығы мен кәсіпке деген сүйіспеншілігінен шабыт алды. Шараның басты мақсаты – жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы мәртебесін көтеру, жастарды еңбекке баулу және адал еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.
Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіліп, еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді.