Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай квест ойыны өткізілді

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай квест ойыны өткізілді

Облыстық жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аясында квест ойыны өтті.

Квест ойыны - бұл өзінің көшбасшылық қасиеттерін, командада жұмыс істей білу, сыни ойлау, түйсігі үшін әмбебап алаң.

Іс-шараның бастапқы кезеңінде қатысушылармен психологиялық тренинг өткізілді. Облыстық ЖРО әлеуметтанушы-психологы Үмітжан Құсмаған жастармен қызықты тренинг өткізумен қоса, ойын алдында сергіту сәтін ұйымдастыра алды.

«Психологиялық тренинг қатысушылармен өзінара танысуға бағытталған бүгінгі іс-шараның алғашқы бөлігі болды. Өткізілген тренинг арқылы әрі қарай топтық жұмыс жасауға септігін тигізетін, мидың белсенділігін арттыратын жаттығулар болды» - дейді Үмітжан Сайранқызы.

Аталмыш квест ойыны ашық ауада жүзеге асырылды. Ойынға үш қатысушыдан тұратын 15 команда қатысты.

«Квест-ойын салауатты өмір салтын насихаттауға, әлеуметтік белсенді, талантты жастарды анықтауға бағытталған. Шара барысында қатысушылар түрлі тапсырмалар алды. Сайыстар тек зияткерлік жанр ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық көзқарасты да талап етті. Айта кету керек, аталмыш іс-шаралар тұрақты негізде жоспарланады. Шараның ең басты міндеті жастардың бойында денсаулық бақытты өмірдің басты шарты екендігі туралы ұғымды бекіту болды», - деп, өз сөзінде «Жастармен жұмысты ұйымдастыру» бөлімінің маманы Мейірлан Жамбылов.

Ойын нәтижесі бойынша  1 орынды «Тигр» командасы қанжығасына салса, 2 орын «Трио» командасына бұйырды. Ал 3 орынға «Жарқын болашақ» атты команда ие болды. Барлық жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.