11 маусым облыс әкімі М.Ахметжановтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты XXVIII сессиясының отырысы өтті.

11 маусым облыс әкімі М.Ахметжановтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты XXVIII сессиясының отырысы өтті.

Отырыс барысында Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев қойған міндеттерді жүзеге асыру, бірлік пен келісімді нығайту саласындағы жетістіктер мен нәтижелер талқыланды.

Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Г.Шиповских, облыс әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі С.Цырульников қатысты.

Отырыста Ақмола ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы  Е.Нұғыман, поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Н.Нагачевская және «Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» бірлестігінің  мүшесі Д.Майер сөз сөйледі.

Шара барысында Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің,  патриотизмнің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар ақмолалық белсенді азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.