Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен, Көкшетау қаласының «Қоғамдық келісім» үйінде «ТҰРАН ӨРКЕНИЕТІНІҢ АСЫЛ МҰРАСЫ» атты түркі жазуы күніне арналған конференция өтті.
Шараның мақсаты, қазақ жазуының тарихына үңіліп, құнды мәліметтермен бөлісу болып табылды.
Конференцияны белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Артықбаев Жамбыл Омарұлы жүргізді.
Аталған шарада Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Кәрімова Гүлмира Тоқтарқызы сөз сөйлеп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зәкенұлы, Түркі академиясының сарапшысы, филология ғылымдарының кандидаты Ақеділ Тойшанұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркітану кафедрасының доценті, PhD докторы Талғат Молдабайұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу институты Қазақтың дәстүрлі мәдениеті бөлімінің жетекшісі, PhD докторы Ардаби Маулет, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Молгаждаров Қасиет Какенұлы мен Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлы түркі өркениетінің болмысы, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті жайында ақпарат беріп, құнды деректерімен бөлісті.