Зеренді ауданы «Таза Қазақстан» бастамасын белсенді қолдайды: 300-ден астам қатысушы экологиялық акцияға қатысты

Зеренді ауданы «Таза Қазақстан» бастамасын белсенді қолдайды: 300-ден астам қатысушы экологиялық акцияға қатысты

2025 жылғы 30 мамырда сағат 15.00-де Зеренді ауылында Көкшетау-Атбасар тас жолында орналасқан «Заря» саяжай алабы аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және халық арасында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы шеңберінде ауқымды экологиялық акция өтті.
Іс-шараға Зеренді ауданының тұрғындары, оның ішінде жастар еріктілері, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен спортшылар қатысты. Іс-шара барысында саяжай алабы аумағын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жұртшылықтың назары аударылды.
Акцияның басты мақсаты-халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық белсенділіктің ажырамас бөлігі ретінде волонтерлікті дамыту, сондай-ақ осы орынды қоқыстардан тазарту.
Зеренді ауылындағы «Заря» саяжай алабы – жергілікті тұрғындардың жаз мезгілінде ауылшаруашылық жұмысымен айналысатын орын. Сондықтан бұл жердің тазалығы барлық тұрғындар үшін үлкен маңызға ие.
Іс-шараға Зеренді ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ахмедьянов Асхат Мұратбекұлы қатысып, экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, спортшы Эльмира Мутагарова ұйымдастырушылар мен қатысушыларға табиғаттың тазалығына қамқорлық жасағаны үшін алғысын білдірді.