27 мамырда «Aqmola Hub» өңірлік it-хабы Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығымен бірлесіп, «Гормолзавод» ЖШС қолдауымен жас стартаперлерге арналған «Icecream Pitch Day» іс-шарасын өткізді.
Іс-шара жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетті дамытуға, технологиялық кәсіпкерлікті ынталандыруға және өңірдегі перспективалы стартаптар санының өсуі үшін жағдай жасауға бағытталған.
Іс-шара аясында 16 жас команда мен жеке қатысушылар IT және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, түрлі салалардағы өзекті міндеттерді шешуге бағытталған өздерінің стартап-жобаларын ұсынды. Әрбір қатысушы ұзақтығы 5 минутқа дейінгі жобаның тұсаукесерімен сөз сөйлеп, қазылар алқасы мүшелерінің қосымша сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар мен қонақтар серіктес өнімі-Көкшетау қаласындағы «Гормолзаваод» ЖШС балмұздағының дәмін татуға мүмкіндік алды.
Қорытындылай келе, 1, 2 және 3 орын алған жеңімпаздар анықталып, қатысушылар өз идеяларын ұсынып қана қоймай, сараптамалық кері байланыс алуға, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу және жобаларды таныстыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. 1 орын – «Aqmola RP» (Қазақстан картасына негізделген ашық әлеммен мобильді roleplay ойыны), 2 орын - «DalaMart» (өндірушілерге, дистрибьютерлерге және Бизнеске арналған B2B цифрлық сауда алаңы), 3 орын - «Ana» (AI интеграциясы бар пострад депрессиясы бар әйелдерге арналған қызмет).
Шара соңында жеңімпаздарға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.