
Облы аумағында жұмыс істеп тұрған 76 БАҚ тіркелген, оның ішінде баспа 57 (47 газет және 10 журнал) және электронды – 19 (2 телеарна, 5 кабельдік теледидар операторы, 9 ақпараттық агенттік және 2 радио).
Мемлекеттік емес БАҚ-тың үлес салмағы шамамен 90% құрайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының басым бөлігі мемлекеттік және орыс тілдерінде (мемлекеттік тілде - 8, орыс тілінде – 17, мемлекеттік және орыс тілінде – 37) шығарылады (эфирге шығады), 14 – мемлекеттік, ресми және басқа тілдерде таратылады және басылады.
Сондай-ақ, өңірде 20 жетекші республикалық БАҚ-тың өз корреспонденттері жұмыс істейді.
2022 жылдан бастап отандық БАҚ-ты мемлекеттік қолдау тәсілдері қайта қаралды, онда жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдарды орналастыру жаңа қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Облыс әкімдігінің қаулысымен өңірлік комиссия құрылды, өңірлік деңгейде БАҚ-та мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі әзірленді және ҚР ӘМ-де бекітілді.
Енгізілген құқықтық новеллаларды ескере отырып, ішкі саясат басқармасы облыста мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру бойынша конкурстардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.
Ақпараттық қамту спектрі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыруды көрсететін 29 тақырыптық бағытты қамтиды, оның ішінде 98 кіші бағыт.
БАҚ пен мемлекеттік органдардың сапалы өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге Өңірлік коммуникациялар қызметінің қызметі ықпал етеді. РСК алаңында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің брифингтері өткізіледі. 2024 жылдың басынан бері 224 брифинг өткізілді.