Әлеуметтік нысандар мониторингі

Әлеуметтік нысандар мониторингі

    Әлеуметтік сала құрылыс объектілерін мониторингілеу мақсатында басшының орынбасары Р. Оспанов және әлеуметтік сала объектілерін салу бөлімінің басшысы Н. Байғожин "Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ білім беру және денсаулық сақтау объектілеріне барды.

    Жергілікті қоғамдастық өкілдерімен және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп Атбасар ауданы Новоселское және Сочинское ауылдарындағы екі фельдшерлік-акушерлік пунктке барды.

    Сонымен қатар, Сандықтау ауданының Петровка ауылындағы 80 орындық мектеп, Біржан сал ауданының Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухана және Зеренді ауданының "Мало-Тюктинское орман шаруашылығы мекемесі" КММ кеңсесінің ғимаратында болды.