"Құрылысшылар күні – ең бейбіт және жасампаз кәсіптің кәсіби мерекесі" тақырыбында БАҚ-пен брифинг өтті

"Құрылысшылар күні – ең бейбіт және жасампаз кәсіптің кәсіби мерекесі" тақырыбында БАҚ-пен брифинг өтті

Бүгін, 2022 жылдың 23 тамызда Көкшетау қаласында Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің залында "Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ тұрғын үй құрылысы және инженерлік желілер бөлімінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Тасованың, сондай – ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен "Құрылысшылар күні - ең бейбіт және жасампаз кәсіптің кәсіби мерекесі" тақырыбына брифинг өткізілді.

Брифингте Гүлмира Төлегенқызы біздің өңірде тамыздың әр екінші жексенбісінде қоғам өмірінде ең бейбіт, құрметті, жасампаз және сұранысқа ие мамандықтардың бірі - "Құрылысшы күнін" атап өту жақсы дәстүрге айналғанын хабарлады.

    2022 жылдың 12 тамызында "Болашақ сарайы" сарайында Құрылысшылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Құрметті құрылысшылар, ардагерлер, озаттар және қонақтарды Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев құттықтады. Ол жыл сайын тұрғын үй, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым құрылысы бойынша Мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

    Іс-шарада "Еңбек ардагері" медалімен марапатталынды, адал еңбегі, құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін және кәсіби мереке құрметіне құрылыс ұйымдарының өкілдеріне атақ берілді, ардагер сәулетшілер Ю.А. Фильчикова және "Кокшетаугорсельпроект ПИ" ЖШС директоры А.А. Оспанов "Құрметті жобалаушы" медалімен марапатталды

    Аталған саланың 5 өкіліне Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің атынан алғыс хаттар табыс етілді, тағы 16 адам Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

    Соңында 18 адам "Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ басшысы М.С. Әубәкіровтың Алғыс хатымен марапатталды.

    Өңір басшысы бұл іс-шараны ардагерлерге сыйлық себеттерін табыстау арқылы қорытындылап, барлығына мықты денсаулық, ауыр еңбекте үлкен табыс тіледі.

    Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.