Президенттік жастар кадр резервіне қабылдау бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді

Президенттік жастар кадр резервіне қабылдау бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді

Ақмола облысында Президенттік жастар кадр резервіне қабылдау бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға жас мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, ЖОО және ТжКБ Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің төрағалары барлығы 150-ден астам адам қатысты.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының өкілдері үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар, іріктеу кезеңдерінен өту мерзімдері мен ережелері туралы айтып берді. Резервке отыз бес жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар, 1-ден 3-ке дейін ұсыныс хаттары бар Қазақстан Республикасының азаматы алынуы мүмкін.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола филиалының аға әдіскері Бекентаева Алма Болатқызы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсу қағидаларымен таныстырды.