Мүгедектікті сырттай белгілеу жобасы

Мүгедектікті сырттай белгілеу жобасы

Мүгедектікті белгілеу кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың рәсімдері мен мерзімдерін оңтайландыру мақсатында Ақмола облысының құрылыс басқармасы «Строй-проект-инвентаризация» ЖШС жобалау ұйымымен «Ақмола облысының Көкшетау қаласында 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылысына үлгілік жобаны байланыстыру» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге шарт жасасты. Сараптаманың оң қорытындысын алуды ескере отырып, жобалау жөніндегі жұмыстарды аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жоспарда.

          Бүгінгі таңда аталған жоба бойынша шағын ауданда жер телімі рәсімделді және инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды алу бойынша жұмыстар жүргізілуде: су құбыры, кәріз, электр және жылумен жабдықтау жүйелері.

          Жобаны іске асыру келешекте мүгедектігі бар адамдардың инстанциялар бойынша жүруін және көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмауға мүмкіндік береді.