Ақмола облысы әкімінің орынбасарымен бірлескен жұмыс сапары

Ақмола облысы әкімінің орынбасарымен бірлескен жұмыс сапары

Ақмола облысы әкімінің орынбасары М.С. Таткеевтің жұмыс сапарына сәйкес жұмыс тобы, соның ішінде Ақмола облысының құрылыс басқармасының басшысы М.Аубакиров, Бастау ауылындағы жастардың бос уақытын өткізу орталығы және екі 45 пәтерлі тұрғын үйге (поз. 15, 16) құрылыс нысандарға бару жүзеге асырылды.

          Аймақ басшысының орынбасары Атбасар қаласында орналасқан 15, 16-поз екі жаңа 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Екі үй облыстық бюджет есебінен салынуда.

Қазіргі уақытта поз.15 үйде іргетасын қалау және поз.16 үйдің 1-ші қабаттың қабырғаларын көтеру жұмыстары жүргізілуде.

          "Ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту" бағдарламасы шеңберінде "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде Ақмола облысында "Атбасар ауданының Бастау ауылында жастардың бос уақытын өткізу орталығының құрылысы" іске асырылуда, осы құрылыс нысанды қарау жүзеге асырылды.

          Бүгінгі күні аталған нысанда кірпіштен сыртқы қабырғалар қаланды және 2-қабаттың терезе және есік маңдайшалары, 1-қабаттың ішкі арақабырғалары қаланды. Нысанда шатырды, жылумен жабдықтаудың сыртқы инженерлік желілерін жабу үшін құрылыс материалдарын әкелу жүзеге асырылуда. Жертөле үй-жайында жылыту үшін құбырларды төсеу жүргізілуде. Су құбыры мен кәрізге арналған жертөле үй-жайында құбырларды қалау жүргізілуде.

          Нысанды пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған.

          Тексеру барысында өңір басшысының орынбасары құрылыс салушыларға құрылыс қарқынын жеделдетуді, жұмыс сапасына ерекше назар аударуды, Ақмола облысы өндірушілерінің құрылыс материалдарын пайдалануды тапсырды.